Жамбыл облысы: Қару-жарақ жасырынған жер табылды

Жамбыл облысында полицейлер атыс қаруын сақтаған 19 жастағы тұрғынды ұстады.

Жасырынған жерден Калашников маркалы бір бірлік автомат, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патроны табылды.

Құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды іздеуді жалғастыруда.

Полицейлер Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізу кезінде үй маңындағы аумақтан жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру жұмыстары барысында пакеттерден “Калашников” маркалы бір бірлік автомат, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патрон табылып, тәркіленді.

Қару-жарақ мен оқ-дәрілер тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Добавить комментарий