Жалақымыз аз болды: неліктен әйел 3 баласымен бірге терезеден секірді

Балаларымен бірге көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген әйелдің күйеуі Шымкенттен Алматыға көшіп келіп пәтер жалдап тұрғанын және күн көрісі төмен болғанын айтты.

Нұрсұлтан Оразов өзінің отбасы туралы айтты.

«Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссыз болдық. Әйелім балалармен үйде отырды, мен базарда әртүрлі жұмыс істедім. Қазір мен ешқай жерде жұмыс істемеймін. Оқиға болған кезде үйде болмадым. Әйелім ештеңе айтқан жоқ. Алматыда алты жылдан бері тұрып келеміз. Отбасымызда бәрі дұрыс еді», — деді ер адам.

Нұрсұлтан Оразов әйелі мен балаларын ертең, 24 қарашада Шымкентте жерлейтінін айтты.

«Біз пәтер жалдап тұратынбыз. Жалақым аз болды. Ата-анам да жұмыссыз, үйде, олар Шымкентте тұрады. Мен білім алмадым. Бізде ешнәрсеміз жоқ, әлеуметтік көмек те берілмеді. Қатаң карантин болған кезде, бізде көмек сұрадық, бізге берілмеді. ХҚКО-ға, әкімдікке, барлық жерге әйелім барды. Әйелім барлық жердің көмек беруден бас тартқанын айтты. Үш баламыз болды: кішкентай ұлым екі жаста, үлкен қызым — алты жаста және ортаншы қызым — бес жаста еді. Қазір өзімнің өмір сүргім келмейді», — деп мойындады ол.

22 қарашада Алматыда 28 жастағы әйел мен оның үш баласы тоғызыншы қабаттан терезеден секірді. Олардың барлығы қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, әйел отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке барған. Келіншек өлер алдында хат қалдырып кеткен.

Добавить комментарий