Зерттеушілер үйленгендердің қаржылай жағдайы жалғызбастылардан жоғары екенін айтты.
Bloomberg хабарлағандай, бұл тенденцияны Pew зерттеу орталығы АҚШ-та халық санағы деректерін талдағанда анықтаған.
Жұбы жоқ ересек адамдардың орташа табысы жұбы бар ересек адамдарға қарағанда төмен, олардың жұмысқа орналасу немесе экономикалық жағынан тәуелсіз болу ықтималдығы төмен, — делінген ұйымның баянамасында.
Білім деңгейі отбасы құруға әсер етеді ме?
Жүргізілген талдауға сәйкес, жалғызбасты америкалықтардың білім деңгейі төмен екендігі байқалған, бұл ретте олардың жеке үйі жоқ, ата-аналарымен бірге тұрады. 2019 жылы 25-54 жас аралығындағы америкалықтардың 40 пайызында жұбайы жоқ немесе жұбы жоқ. Бұл 1990 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім, онда америкалықтардың 29 пайызы ғана жалғызбасты болған.
2019 жылы жалғызбасты ер адамдардың орташа табысы 35,6 мың долларды құрады, бұл көрсеткіш жұбы ер адамдармен салыстырғанда төмен болды (57 мың доллар). Әйелдердің орташа табысы: жалғызбасты әйелдердікі 32 мың доллар, ал жұбы барлардікі 40 мың доллар. 2019 жылы жалғызбасты ер адамдардың 73 пайызында ғана тұрақты жұмысы болды.
Жұбы бар ер адамдардың 91 пайызы жұмыс істейді. Сондай-ақ, сарапшылар үйленгердің қаржылай жағдай жақсарғанын анықтады. Мәселен, үйленген ер адамдардың 92 пайызы тұрақты жұмысы мен жалақысы бар. Сонымен қатар, зерттеушілер 2019 жылы жалғызбасты әйелдердің 77 пайызы, ал жұбы бар әйелдердің 74 пайызы жұмысқа істейтінін атап өтті.