Жалған ПТР-тестін қолданған зейнеткерге айыппұл салынды

Қостанайда жалған ПТР-тестін қолданып шетелге шықпақ болған зейнеткердің соты өтті

Қостанай тұрғыны COVID-19 үшін теріс нәтижесі бар ПТР-анықтаманы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманына ұсынды.

Қостанай қаласының №2 соты бұйрық тәртібімен біле тұра жалған құжатты қолдану фактісі бойынша қылмыстық істі қарады

«Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде қылмыстық құқық бұзушылықта өз кінәсін мойындауды ескерді. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Қылмыстық кодекстің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар 20-дан 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұлмен жазаланады. Қылмыстық кодекстің 55-бабы 3-бөлігінің талабын ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұйрық шығару арқылы үкім шығарылған кезде 10-нан 20 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады», — деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Зейнеткердің мүліктік жағдайы мен ауырлататын жағдайлардың жоқтығын ескере отырып, сот 29 170 теңге көлемінде айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Добавить комментарий