Жалған нөмірмен жүрген Талдықорған әкімінің көлігі ұсталды

Қаңтар айының басында Талдықорған қаласының полициясы қала әкіміне тиесілі жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлікті тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz. Әкімдік өкілдері жүргізуші Р.Б. Абданиевтің тіркелмеген нөмірді өзі қойғанын растады. Көлік ұсталғанда қала әкімі Е.Д. Базил көлікте болған жоқ.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-тармағына сәйкес жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Р.Б. Абданиев 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды және бір жылға автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Жазасын өтегеннен кейін 2024 жылы 9 қаңтарда Р.Б. Абданиев жұмыстан шығарылады. Талдықорған әкімдігі жол құжатынсыз автокөлік шығарғаны үшін қалалық автошаруашылықтың бастығы Д.А. Молдабаевқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. Молдабаевқа айыппұл салынып, автошаруашылықтың қызметкерлеріне алдағы бұзушылықтарды болдырмау үшін профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Добавить комментарий