Жаяу жүргіншілер көпіріндегі оқиға: Полицейлер әйелдің өмірін сақтап қалды

Атырау ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болып Жилгородок-Авангард жаяу жүргіншілер көпірінен секірген әйелді құтқарып қалды.

Суға секірген әйелді аға сержант Максим РАХМИДЕНОВ пен сержант Мұратбек БЕЛЕКЕН құтқарды, олар азаматшаны қайыққа шығарған.

Полицейлер Капитан Жеткіншек ИМАНҒАЛИЕВ және сержант Нұртай ЖҰМАБАЕВПЕН бірге әйелді жағаға жеткізді. Небәрі 22 жастағы азаматшаға ТЖД қызметкерлерінен алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Полицейлердің шұғыл әрекеттеріне байланысты әйел аман қалды.

Добавить комментарий