Жағдайы төмен азаматтардың саны артты

Қазақстанда жағдайы төмен азаматтарының саны артты, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

«Былтыр кедейлер саны 4,9 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 5,1 пайызға өсті. Жоғары инфляция азаматтарды табысын алып қойып жатыр. Қала тұрғындары өз қаражатының басым бөлігін азық-түлік себетін сатып алуға жұмсап жатыр. Мәселен, егер 150 мың теңге десек, қазір бұл ақшаның 60-70 пайызы азық-түлікке кетеді. Осылайша, отбасының одан әрі дамытуға қалатын қаражат азайды. Мұндай жағдай әрбір отбасының бюджетіне әсер ететіні сөзсіз», — деді Дүйсенова журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бұған дейін Дүйсенова Қазақстандағы кедейшілік деңгейіндегі жағдай туралы айтқан болатын.

Добавить комментарий