Жаңбыр жауып, үсік жүреді: ауа райы болжамы

Синоптиктер аптаның екінші жартысында бірқатар өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп ескертті.

Қазгидромет 2021 жылдың 13-15 мамыр аралығында қандай ауа райы болатынын айтты.

13 мамырда атмосфералық фронталдық бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады.

14 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарын қоспағанда, Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

15 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 1 градусқа дейін үсік жүретіндіктен, топырақ беті қатуы мүмкін.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Добавить комментарий