Жағажайда әйел өзіне ескертпе жасаған ер адамға пышақ жарақатын салды

Павлодарда жағажайда демалып жүрген әйел мен ер адам арасында жанжал туындады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 25 маусымда Усолка өзенінің жағалауында болғанын хабарлады.

«Анықталғандай, жағалауда балаларымен демалып жүрген Павлодар қаласының тұрғыны өздерінің маңында демалып отырандарға ескерту жасаған, олар балаларымен демалып, сыра ішіп, айқайлап, былапыт сөздер айтқан. Нәтижесінде ескерту жасаған әйел мен ішімдікее тойып алған топ арасындағы әйел арасында жанжал болды, салдарынан арыз берген әйел пышақ жарақатын алды», — деді полициядағылар.

Бұл факті тіркелді. 26 жастағы қала тұрғынына қатысты «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жедел жәрдем бригадасы жарақатын алған Павлодар қаласының тұрғынына қалалық ауруханаға жеткізді.

«Дәрігерлер оған сол жақтан бұғана үсті аймағының беткі пышақ жарақаты диагнозын қойды. Хирургтың науқасты қаарап шығып, ауруханаға жатқызу үшін негіз жоқ екенін айтты. Жағдайы тұрақты, оны амбулаториялық емдеуге жіберді», — деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасы.

Добавить комментарий