Жаһандық коалицияға мүше әлемнің 30 елlің шенеуніктері Вашингтонда Ресейге қарсы санкцияларға қатысты мәселелерді талқылау үшін жиналады, деп хабарлады АҚШ қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
30 елдің шенеуніктері Вашингтонда Украинадағы қақтығысқа байланысты Ресейге қарсы салынатын санкциялар мен экспорттық бақылау шараларын талқылайды. Бұл туралы РИА Новости АҚШ Қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
«[Олар] Ресейге қарсы Украинаға заңсыз баса-көктеп кіргені үшін санкция мен экспорттық бақылау шараларын талқылау үшін жаһандық коалицияға мүше 30-дан астам елдің қаржы министрліктері мен басқа да үкіметтік құрылымдардың жоғары шенді өкілдерін жинайды», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
АҚШ тарапынан кеңеске Қаржы, сауда министрлерінің орынбасарлары мен Ұлттық барлау директоры қатысады. АҚШ өкілдері ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешен мен «қорғаныс жеткізілімдері тізбегіне» енгізілген шектеу шараларының әсері туралы әріптестерімен «жаңа ақпарат пен талдау деректерімен» бөлісуге ниетті.
6 қазанда Еуроодақ (ЕО) Ресейге қарсы сегізінші санкция пакетін бекітті, ол Ресей мұнайына шекті бағаны енгізу және жеке және заңды тұлғаларға қарсы шектеу енгізуді қамтиды.