Жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы: синоптиктер 30 желтоқсан мен 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидрометтің синоптиктері мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазгидромет Жаңа жылға арналған ауа райы болжамын жариялады.Қай өңірде қар жауады?

Еліміздің бірнеше өңірінде бұрқасын болады деп күтілуде.

30 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында Қара теңіз аудандарынан шыққан ауқымды антициклон, Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ 35 градусқа дейін аяз күтіледі.

30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде солтүстік-шығыста боран соғады. 31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр ауады.

Сонымен қатар, синоптиктер тұман түсіп, желдің 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжап отыр. Елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін, Алматы облысының Алакөл ауданында 30 м/с дейін жетеді.

Добавить комментарий