Жаңа жыл алдындағы рубль мен доллар бағамы

Қазақстан Ұлттық банкі 2022 жылғы 31 желтоқсан — 2023 жылғы 4 қаңтар аралығындағы доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын жариялады.

Жаңа жыл алдында доллардың ресми бағамы 462,65 теңгеге тең болады. Айта кетейік, АҚШ валютасының ресми бағамы 30 желтоқсанда 460,98 теңге .

Ресей рублінің ресми бағамы 2022 жылғы 31 желтоқсан — 2023 жылғы 4 қаңтар аралығында 6,43 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 463,71 теңге, сату бағамы 468,12 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 465,51 теңгеден сатып алып, 469,06 теңгеден сатып жатыр.

Добавить комментарий