Жаңаөзен мұнайшылары тағы да митинг өткізіп жатыр. Хабарламада айтылғандай, «Кезби» ЖШС жұмысшылары компания басшылығы жалақыны көбейтеміз деп уәде беріп, оны орындамағанына байланысты бейбіт митинг өткізді.
Қызметкерлер 12 сағат жұмыс істесе де, 11 сағат қойылғанына наразы. Сондай-ақ, жұмысшылардың айтуынша, компания қызметкерлермен ұжымдық шарт жасамаған. Жыл сайын қайталанып келеді.
«Басшылық өз уәделерін орындамауда. Бізге күтуді, шыдай тұруды сұрайды. Барлық ауыр жұмысты біз істейміз, бірақ жалақымыз «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне қарағанда жарты есе аз. Сонымен қатар, біз «Өзенмұнайгаз» АҚ көлемін толық орындап жатырмыз, сондықтан жалақыға 30 пайыз үстемеақы сұраймыз», — дейді видеода жұмысшылар. «Мұнайшылардың айтуынша, олардың алдына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Алик Айдарбаев келген. Олардың талабын тыңдап, шешуге уәде берді. Бүгінгі таңда мәселе сол күйде қалып отыр.