Жаңаөзенде тағы да ереуіл басталды

Жаңаөзенде геофизиктер жалақы наразылығына байланысты ереуілге шықты.

Өңірдегі компанияның қызметкерлері бейнеүндеу жариялады.

«Лада» өңірлік басылымының мәліметінше, ереуілге «Өзенпромгеофизика» АҚ қызметкерлері шықты.

Бұған дейін олар басшылыққа хат жолдап, жалақыны 100% көтеруді, 13 айдың жалақысын екі есе ұлғайтуды талап еткен болатын. Сондай-ақ, жұмысшылар ретінде жұмыс істейтіндерді штатқа алуды сұрады.

Бірақ жұмысшылардың айтуынша, кәсіпорын басшылығы олармен кездесуге келмеген.

Жұмысшылар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа және Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақовқа бейнеүндеу жариялауға мәжбүр болды.

Добавить комментарий