Қазақстан Беларуське мұнай тасымалдайтын болады

Мұнайдың алғашқы жеткізілімі жақын арада жіберілетін болады, деп мәлімдеді экономика министрі.

Ол екі ел арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім Беларусь премьер-министрі Роман Головченконың Қазақстанға сапары барысында жасалғанын еске салды. Бірақ, келісімнен бөлек, тиісті құжатты ратификациялау қажет.

Енді бізге осы келісімді ратификациялау керек, Парламент ратификациялағаннан кейін біз Беларусь Республикасына тасымалданатын тауарлардың индикативтік жоспары мен тізбесін жасаймыз. Онда мұнай өнімдерінің түрлері мен көлемі талқыланады, — деді Энергетика министрлігінің басшысы ОКҚ-да өткен брифингте.

Министр қазақстандық мұнайды жеткізу қазан-қараша айларында басталатынын нақтылады.

Бүгін Қазақстан Парламентінің VII шақырылымының бірінші сессиясы жабылды. Күзде Парламент өз жұмысын қайта бастағанда біз бұл құжатты ратификациялауға енгіземіз, — деп қосты Ноғаев.

Добавить комментарий