Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Риши Сунак Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесу барысында Украинаға көмек көрсетуді жалғастыратынын хабарлады.
«Премьер-Министр өзінің Біріккен Корольдіктің премьер-министрі лауазымында Украинаға ауқымды қолдау көрсету жалғасатынын мәлімдеді», — делінген Британия Үкімет басшысы кеңсесінің хабарламасында.
Аталып өткендей, Ұлыбритания премьер-министрі мен Украина президенті Ресейге қарсы «экономикалық санкциялар саясатын жалғастыру қажеттігіне» келісті.
Сондай-ақ, Сунак Зеленскиймен бетпе-бет кездесуге үміт білдірді.