Жаңа министрдің балалары Кипрдегі британдық мектепте оқиды

Қазақстанда жаңадан құрылған Ғылым және жоғары министрінің балалары Кипрде британдық мектепте оқиды.

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының неліктен шетелдегі мектеп оқитыны туралы сұраққа жауап берді.

«Үш себеп бар. Біріншісі — әйелімнің және балаларымның медициналық жағдайы. Нақты медициналық қорытынды бар, белгілі бір проблемалар бар. Екіншіден, мен оларды мұнда жекеменшік мектептерде қаржылық тұрғыдан оқыта алмадым. Үшінші — бұл Кипрдегі өте жақсы британдық мектеп», — деп мәлімдеді Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысы 26 маусымда оның отбасы Қазақстанға ораластынын айтты. Енді оның балалары қарапайым қазақстандық мектепте оқитын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Саясат Нұрбектің әйелі мен балаларының Солтүстік Кипрде тұратыны жұртшылықтың наразылығын тудырған болатын. Сол кезде ол аталған елде мектепте оқу құны қолжетімді екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, әйелінің денсаулығы да себеп болған.

11 маусымда Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.

Добавить комментарий