Жаңа қауіп: АҚШ ғалымы COVID-26 пен COVID-32 туралы ескертті

Америкалық ғалым коронавирустың екі жаңа түрінің пайда болу қаупі туралы ескертті. Оның пікірінше, олардың пайда болуын болдырмау үшін COVID-19 қайдан шыққанын мұқият зерттеу қажет.

АҚШ-тағы коронавирус және жұқпалы аурулар бойынша сарапшылардың бірі Питер Хотез былай деп мәлімдеді: «Бұл XXI ғасырдағы үшінші ірі індет немесе коронавирус пандемиясы (SARS және MERS-тен кейін). Қазіргі — үшінші. Егер біз COVID-19-дың қайдан шыққанын анықтамасақ, табиғат ана COVID-26 және COVID-32 болатынын ескертіп жатыр», — деп мәлімдеді сарапшы NBC News телеарнасында.

Хотез жаңа коронавирустың «пайда болуын» зерттеу керек екенін баса айтты. Бұл үшін індет басталған Қытайдың Ухань қаласына вирусологтар, эпидемиологтар мен басқа да мамандарды жіберу керек. Сол жерде олар мәліметтер мен қажетті үлгілерді жинай алады, деп толықтырды ғалым.

Сарапшы бұл мәселе бойынша Қытаймен келісе отырып жұмыс жасамаса коронавирустың пайда болуы туралы мәліметті алу қиын болатынын атап өтті.

«Қытайдағы көрнекті эпидемиологтар мен вирусологтар тобы жануарларға, адамдарға, үлгілер мен зертханаларға кедергісіз қол жеткізуі үшін біз Қытайға қатты қысым жасауымыз керек деп ойлаймын», — деп атап өтті Хотез.

Добавить комментарий