Ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолын жабу туралы шешім қабылданды. Бүгіннен бастап, 13 қараша күні көлік құралдарының барлық түрлеріне жол жүруге тыйым салынады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Қазгидромет» РМК агенттігінің мәліметінше, бүгін елордада дауылды ескерту жарияланды — астаналықтарға жаяу бұрқасын және екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады деп ескертті.
Бұдан бөлек, тас жолдар мен автокөлік жолдарында көктайғақ болады деп күтілуде, сол себептен Нұр-Сұлтан — Петропавл республикалық тас жолының Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін жабу туралы шешім қабылданды.