Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Қостанайда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Оны құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.

Әзірге жүргізушінің жеке басы анықталмады. Зардап шеккен 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

22 наурыз күні сағат 23:15 шамасында Маяковский және Л. Беда көшелерінің қиылысында жол апаты болды.

Содан кейін жүргізуші ЖКО орнынан қашып кетті. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккен азамат жансақтау бөлімінде жатыр.

Добавить комментарий