Жәрдемақы мен зейнетақы индекстеледі

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы индекстеледі. Бұл туралы Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Оның айтуынша, өсім 4,2 млн әлеуметтік жәрдемақы алушыны қамтиды.

«Инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін тағы 4%-ға қосымша индекстеу жоспарланып отыр, бұл барлық әлеуметтік төлемдердің 9%-ға өсуін қамтамасыз етеді, ал ынтымақты зейнетақы 2021 жылмен салыстырғанда 11%-ға өседі. Өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыны қамтиды», — деп мәлімдеді вице-премьер Ералы Тоғжанов.

Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.

 

Добавить комментарий