Жұмысшылар бірінен соң қаза тауып жатыр, ал компания басшысы келіссөздер жүргізуде

Қазақстан Премьер-Министрі өндірістегі бірқатар өлімдерден кейін «АрселорМиттал Теміртауда» кешенді тексеру жүргізу мәселелері жөнінде ArcelorMittal компаниясының басшысымен кездесті.

Компанияның вице-президенті Виджай Гоял барлық тексеру іс-шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесуге сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Бижу Наир қатысты, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді аудит жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

 

Добавить комментарий