Жұмыспен қамту орталығы ең қажетті мамандықтарды атады

Халықты жұмыспен қамту орталығында құрылыс мамандықтарына сұраныс жоғары екендігі айтылды. Ұйымдар тамақтану және денсаулық сақтау, сауда салаларының қызметкерлеріне мұқтаж. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту орталығында хабарлады.

«Электрондық еңбек биржасы» порталында 100 мың теңгеге дейін жалақысы бар 2085 бос жұмыс орны жарияланды

Сауда саласында сатушылар, кассирлер, менеджерлер, супервайзерлер, мерчендайзерлер тапшылығы байқалады.

Денсаулық сақтау саласында дәрігерлер, мейірбикелер, санитарлар жетіспейді. Сондай-ақ, елордада аспазшылар, ас үй қызметкерлері, наубайханашылар, кондитерлер еш қиындықсыз жұмыс таба алады.

7 қазандағы жағдай бойынша «Электрондық еңбек биржасы» порталында жалақысы 100 мың теңгеге дейін 2085 бос жұмыс орны, 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін — 2090 бос жұмыс орны жарияланды. Жалақысы 150 мыңнан асатын — 1537.

Сондай-ақ, 89 жұмыс орны икемді жұмыс уақытымен тіркелді. Мүгедектерге арналған 356 бос жұмыс орны бар.

Бұдан дейін елордалық Жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Еңбек» бағдарламалары аясында жастар тәжірибесі және жұмыссыздарды қайта оқыту бойынша бос жұмыс орындарын ұсынғаны хабарланды.

Добавить комментарий