19 жыл бұрын Санкт-Петербургтегі жасөспірімнің жұмбақ өліміне қатысты тергеу халықтың назарына ілікті. Осы қайғылы оқиғаға қатысты істе «Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің есімі аталды.
2004 жылдың жазында Дмитрий Соколов із-түссіз жоғалып кетіп, оны туыстары іздеген. Жасөспірімнің денесі бір аптадан кейін өзен жағасынан табылды. Алайда, қайтыс болған баланың әкесі Валерий ұлының суға батып өлгеніне күмәнмен қарады. Өзі жүргізген тергеуі кезінде ол 2004 жылы 15 тамызда Дмитрий корпоративте Евгений Пригожинмен жанжалдасып қалғанын анықтады. Әкесінің болжамы бойынша, Пригожин ұлын итеріп жіберген, салдарынан қайғылы оқиға орын алған.
Евгений Пригожиннің өгей әкесі — оқиға болған кеме-мейрамхананың қожайыны Самуил Жаркой. Дегенмен, мекеме қызметкерлері қаза тапқан адамның ата-анасымен сөйлесуден бас тартқан және қылмыстық іс қозғалған жоқ.