Тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан Нұр-Сұлтан тұрғыны көшеде екі баласымен қалды. Оны учаскелік инспектор қиыншылықта қалдырған жоқ. Полиция қызметкері тұрғын үйдің жалдау ақысын төледі.
Толық ақпарат. Полиция департаментіне қала тұрғыны «Сарыарқа» ауданы КБ учаскелік полиция инспекторы капитан Талғат Исатаевтың атына алғыс айтты.
28 жастағы әйелдің айтуынша, жұбайы кезекті жанжалдан кейін оны 4 жасар қызымен және 4 айлық баласымен бірге үйден қуып шыққан. Қалада туыстары да, таныстары да болмағандықтан, үмітсіз әйел учаскелік полиция инспекторынан көмек сұрады. Талғат Исатаев өз қаражатына қонақ үйден бөлме алып, балалы әйелді орналастырды, — деп хабарлады полициядан.
Көмек көрсетілгеннен кейін полиция қызметкері әйелдің жұбайымен профилактикалық сұхбат өткізді. Учаскелік полиция инспекторының талап етуімен 32 жастағы ер адам алкогольге тәуелділіктен емделіп, жұмысқа орналасты. Қазір отбасы бірге тұруда және полицейге уақытында көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіреді.
Талғат Исатаев — Нұр-Сұлтан қаласы ДП «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің № 27 полиция пункті бойынша жауапты учаскелік инспекторы. Учаскелік инспектор қызмет көрсетілетін учаскедегі жағдайын, өз учаскесіндегі барлық дерлік тұрғындардың атынан біледі. Оның телефон нөмірі әрбір кіреберістегі хабарландыру тақташасына орналастырылған. Ішкі істер органдарында Талғат Исатаев 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді.