Украина президентінің әйелі Елена Зеленская АҚШ-қа сапары кезінде Мемлекеттік департаменттің басшысы Энтони Блинкенмен кездескенін айтты. Ол Конгрессте сөз сөйлейді.
«Мен бұл жерге (АҚШ-қа — ред.) бірінші леди Джилл Байденнің шақыруымен келдім. Ол мамыр айында Украинаға келіп, соғыс салдарынан үйінен, жақындарынан айырылған жандармен әңгімелескен», — деді Зеленская.
Енді АҚШ-та Украинаның агрессорға қарсы тұру және күресудегі қажеттіліктері туралы айтуға менің кезегім келді.
Зеленская АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездескенін хабарлады.