Зеленский: «Украина жеткілікті көлемде қару-жарақ алмай отыр»

Украина президенті Владимир Зеленский батыстық әріптестерінен жеткілікті көлемде қару-жарақ алмай отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы ол соғыстың 47-ші күнінің қорытындысы бойынша жасалған бейнеүдеу барысында мәлімдеді.

«Бүгінгі және күн сайынғы басты міндет — нақты қорғаныс шаралары. Бұл Ресей әскерлерінің кез келген шабуылына төтеп беру мүмкіндігімізді күшейту. Бірақ қажетті қару-жарақ туралы айтар болсақ, біз әлі де болса қару-жарақпен жабдықтау үшін серіктестерімізге тәуелдіміз. Өкінішке қарай, біз соғысты тезірек аяқтау үшін қажетті көлемде қару-жарақ ала алмай отырмыз. Атап айтқанда, Мариупольді қайтару үшін», — деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, «егер біз ұшақтар мен жеткілікті көлемде ауыр броньды техниканы, қажетті артиллерияны алсақ, біз оны жасай алар едік».

«Әлі де бұл туралы келісуге тура келеді. Әлі де көндіруге тура келеді. Біз қажетті қару-жарақтың бәрін ала алатынымызға сенімдімін. Бірақ тек уақытты емес, украиндықтардан да айырылып жатырмыз. Бейбіт тұрғындардың өлімі Украинаға қажетті қаруды әлі күнге дейін қоймаларында сақтап отырғандардың да ммойнында. Бейбіт тұрғындардың қаны мәңгілікке олардың мойнында. Біздің алғысымыз да тарихта қалады. Бізге шын мәнінде көмектескен мемлекеттер мен саясаткерлерге алғысымыз. Олар бейбіт тұрғындардың өмірі қыл үстінде саудаласпады», — деп атап өтті Президент.

 

Добавить комментарий