Зеленский: Украина армиясы РФ аумағына кірмейді

Украина президенті Владимир Зеленский Украина армиясы Ресей аумағына кірмейтінін мәлімдеді.

Украина Президенті елдің Қарулы Күштері РФ аумағында әскери операция жүргізіп жатпағанын және өз жерін қорғап жатқанын баса айтты

Владимир Зеленский елдің Қарулы күштері жүргізіп жатқан әскери операцияның Ресей аумағына жоламайтынын мәлімдеді. Ол сейсенбі күні Al Arabia телеарнасына берген сұхбатында оқиғаның қалай өрбитіні туралы өз нұсқасын баяндап берді.

«Украина ҚК РФ аумағында әскери операция жүргізбейді, олар өз жерін қорғап жатыр және Ресейдің жерін басып алуға әрекет етпейді», — деді Зеленский.

Дегенмен, Белгород, Брянск және Курск облыстарының аумағы Украинаның бірнеше минометтік және артиллериялық шабуылына ұшырады, ал ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бірнеше ұшақты, оның ішінде Воронеж облысында атып түсірді. Оның үстіне, РФ әуе кеңістігіне украиналық жауынгерлік тікұшақтар кірген.

Добавить комментарий