Зеленский Украинаға жаңа әуе шабуылына қарсы қорғанысы жүйелерін жеткізілгенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада әуе шабуылына қарсы қорғанысы жүйелерімен елдің әуе кеңістігін толық жабатынын хабарлады.

«Біздің әуе шабуылына қарсы қорғанысымызды едәуір нығайтатын жаңа жүйелер жеткізілді. Украина аспанын жүз пайызға қорғадық демейміз, бірақ біртіндеп қойған мақсатымызға қарай жылжып келеміз.

Бүгінде қалыптасқан жағдай бойынша ресейлік зымыран және дронмен жасалған террорлық шабуылына әлем елдері жауап ретінде Украинаға жаңа көмек көрсетеді. Бұл көмекке мүмкіндігінше көп елдің қосылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді Зеленский бейнеүндеуде.

Мемлекет басшысының айтуынша, дүйсенбі күні оккупанттар елдің елуден астам елді мекеніне соққы берді. Донбасс, Запорожье, Херсонщина, Николаевщина, Харьковщина, Днепропетровск облысына зымырандармен, авиациямен, ДАРЖ-бен шабуыл жасады.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Алексей Резников Украинаға NASAMS және Aspide зениттік-зымыран кешендері жеткізілгенін хабарлады.

Добавить комментарий