Украина президенті Владимир Зеленский Соледар мен Бахмутқа оқ-дәрі жеткізу үздіксіз жүргізілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік! Президент Ставка отырысын өткізіп, Бахмут бағытындағы соғыс қимылдары мәселелерін талқылады.
Соледар мен Бахмуттағаы украиналық әскерилер жедел түрде оқ-дәрілермен және барлық қажетті құралдармен жабдықталады. Бұл туралы бейсенбі, 12 қаңтарда Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы бас қолбасшы Ставкасының отырысынан кейін мәлімдеді.
«Жоғарғы бас қолбасшы ставкасының отырысын өткіздім. Соғыс алаңындағы негізгі бағыттар бойынша жағдайды талқыладық. Бахмут пен Соледардағы ұрыс қимылдарына ерекше көңіл бөлінді. Хабарлаймын: Аталған қалаларды қорғап жатқан бөлімшелер оқ-дәрілермен және барлық қажетті құралдармен жедел және үздіксіз жабдықталады», — деп хабарлады Президент.
Сондай-ақ, ол отырыс барысында УҚК-ны одақтастардан жеткізілген қару-жарақ пен техникалармен күшейту мәселесі талқыланғанын айтты.
Бұған дейін Украина Қорғаныс министрлігі РФ сарбаздар санын көбейтіп жатқанын, бірақ бұл Соледарды толық басып алуға септігін тигізбейтінін хабарлады.