Украина президенті Владимир Зеленский украиндықтарға ел аумағында бірде-бір қирандылар қалмайды, бәрі қалпына келтіріледі деп уәде берді.
Ол Украинаны қалпына келтіру жөніндегі конференцияға дайындықтың жалғасып жатқанын айтты. Аталған шара 21-22 маусым аралығында Лондонда өтеді.
«Келесі аптада Лондонда өтетін Украинаны қалпына келтіру жөніндегі конференцияға барынша дайындалып жатырмыз. Бұл еліміз бен халқымыздың қалыпты өмірін қалпына келтіру үшін саяси және бизнес күш-жігерді біріктіретін аса маңызды, айтулы іс-шара болмақ.
Украинаның негізгі қағидаты — қарапайым әрі әділ, атап айтқанда: Украинада бірде-бір қиранды қалмайды. Бәрін қайта саламыз, бәрін қалпына келтіреміз, ресейлік агрессияны жеңу және елді қалпына келтіру үшін қандай тайминг пен қандай күштермен қандай қадамдар жасау керек екенін айқын білеміз», — деді Зеленский күн сайынғы кешкі бейнеүндеуінде.