Зеленский РФ-ның энергия тасығыштарына эмбарго жариялау туралы шешім қабылдау жөніндегі жұмысқа түсініктеме берді

Украина президенті Владимир Зеленский ЕО-ның ресейлік энергия тасығыштарға эмбарго жариялау туралы шешім қабылдамай жатқанына бейжай қарап отыр деп мәлімдеді. «Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы топтамасын талқылап жатыр және әлі күнге дейін санкция мұнайды қамти ма, жоқ па белгісіз. Тіпті, Буча және басқа да қалаларда болған жаппай адам өлімінен кейін де кейбір ЕО елдері ресейлік энергия тасығыштарын сатып алуды шектеу туралы шешім қабылдамай отыр. Жүздеген еуропалық компаниялар мен банктер әлі күнге дейін Ресей нарығында жұмыс істеуден бас тартқан жоқ, сонымен қатар РФ әскери машинасын қаржыландыратын салықтары мен акциздерін тоқтату талабына немқұрайлылық танытып отыр», — деп мәлімдеді Зеленский Литва депутаттарымен болған бейнеконференция барысында.

Добавить комментарий