Зеленский РФ астық бастамасын тежеп отыр деп мәлімдеді

Зеленский Ресейдің Қара теңіз астық бастамасы аясында құрғақ жүк кемелерін жөнелтуді кешіктіргені үшін кінәлі деп санайтынын мәлімдеді.

Украина астығы тиелген кейбір кемелер тексеруден өту үшін бір айдан астам күтуге мәжбүр, деді президент жұма күні Стамбулда өтіп жатқан TRT World Forum халықаралық форумында сөйлеген сөзінде.

«Қазір экспортқа 13 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады, тағы ондаған миллион тонна бере аламыз. Экспорттық астық бастамасына тартылған порттарымыз жартылай қуаттылықпен жұмыс істеп жатыр. Ресей экспортты жүзеге асыруды тежеп, кемелерді тексеру үшін күттіріп қойғандықтан осылай болып отыр. Бүгінгі таңда 80-нен астам кеме тексерістен өтуді күтіп отыр», — деді Зеленский.

Оның айтуынша, кемелерге күтудің орташа уақыты — 3-5 апта. Сондықтан ай сайын Украина 2-3 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімін экспорттай алмай отыр.

Астық бастамасына Николаев порты қосылатын болса, экспорт одан әрі артуы мүмкін, — деді Зеленский.

Президент TRT World Forum-да бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі. Шара өтіп жатқан залда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған болды.

 

Добавить комментарий