Украина президенті Владимир Зеленский Франция көшбасшысының сөзіне түсініктеме бере отырып, бұл өте ауыр тиетінін мәлімдеді.
Бұл туралы ол Польша, Литва, Латвия және Эстония президенттерімен өткен брифингте мәлім етті.
«Франция мәселесі бойынша. Мен, шынымды айтсам, бұл мәлімдемені Франция республикасының президентінің аузынан естіген жоқпын. Біз егжей-тегжейлі қарауымыз керек, бұл бізөтге е ауыр тиеді», — деп атап өтті Зеленский.
Сондай-ақ, ол бұл мәлімдемені Макронмен талқылайтынын хабарлады.
«Егер бүгін болмаса да, ертең, уақыты болғанда», — деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Макрон Украинада болып жатқан оқиғаларды «геноцид» деп атамау керектігін мәлімдеп, ресейліктер мен украиндықтарды бауырлас халық деген болатын.