Украина президенті Владимир Зеленский алдағы Еуроодақ саммитіне қатысады. Бұл ақпаратты Олаф Шольц растады.
Германия канцлері Брюссельге «Украина еуропалық отбасының бір бөлігі екендігі туралы нақты мәлімдемемен» баратынын нақтылады.
Естеріңізге сала кетейік! Бейсенбі күні Брюссельде Еуропалық одақ (ЕО) мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының екі күндік кездесуі ашылады.
Шольц Германия Киевке «соңына дейін» қолдау көрсететініне кезекті рет айтты.
Сәрсенбі күні Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен және Зеленскиймен өткен баспасөз конференциясында Шольц Украинадағы қазіргі жағдай мен оның салдары алдағы ЕО саммитінде «маңызды рөл атқаратынын» атап өтті.
ГФР үкімет басшысы Украина президентінің ЕО мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының биылғы алғашқы кездесуіне жеке қатысуын «қуатты сигнал» деп атады.
«Мен Брюссельге Украинаны еуропалық отбасының бір мүшесі екендігі туралы нақты мәлімдемемен барамын», — деді Шольц, ол өткен жылдың 22 маусымында ЕО елдері Украина мен Молдавияға Еуроодаққа кандидат ел мәртебесін бергенін еске салды.
«Бәріміздің алдымызда көптеген ауқымды жұмыстар тұр», — деп атап өтті ГФР канцлері. Ресей Федерациясы Украинаға баса көктеп кіргеннен, Шольцтің айтуынша, Еуропа мен мұхиттың ар жағындағы серіктестер Киевке ауқымды қаржылай, гуманитарлық және әскери қолдау көрсетті. «Біз оны соғына дейін жалғастырамыз», — деп атап өтті Германия канцлері.