Зеленский Байденнің Украинаға сапармен келу керектігіне сенімді

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки 2022 жылғы 15 сәуірде АҚШ президентінің Украинаға сапармен баратыны жоспарда жоқ екенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский америкалық әріптесі Джо Байден Украинаға сапармен келуі керек деп санайды. Бұл туралы ол жексенбі күні CNN телекомпаниясына берген сұхбатында айтты.

Зеленский Байденнің Украинаға сапармен келгенін қалайсыз ба деген сұраққа жауап берді. «Менің ойымша, ол келеді», — деп атап өтті Украина көшбасшысы.

«Әрине, бұл оның шешімі, ол қауіпсіздік жағдайына байланысты қабылданады, — деді Зеленский. — Бірақ ол АҚШ президенті ретінде келіп, бәрін өз көзімен көруі керек деп есептеймін».

Өз кезегінде Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба CBS телекомпаниясына берген сұхбатында Украина басшылығы Байденді Киевте «қуана қарсы алатынын» айтты. «Бұл біз үшін қолдаудың маңызды белгісі болар еді. Сонымен қатар, қос президенттің жеке кездесуі америкалық қару-жарақтың Украинаға жаңадан жеткізілуіне, сондай-ақ осы қақтығысты саяси жолмен шешуге септігін тигізер еді», — деп есептейді Кулеба.

Добавить комментарий