Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа сапары аясында келіссөздер мен кездесулерді белсенді жүргізуде. Оның ең ықпалды америкалық кәсіпкерлермен және ірі қор басшыларымен кездесуі маңызды оқиғалардың бірі болды.
Іс-шара әлемдегі ірі инвестициялық банк JP Morgan қолдауымен ұйымдастырылып, ықпалды қаржыгерлер мен кәсіпкерлердің басын қосты. Бұл қорлар басқаратын активтердің жалпы құны $30 трлн-нан асады.
Кездесуге Майкл Блумберг, Билл Акман, Барри Стернлихт, Кен Гриффин, Джонатан Грей, Филипп Хильдебранд, Эрик Шмидт, Роберт Крафт және т.б. танымал тұлғалар қатысты.
Талқыланған негізгі тақырып қарулы қақтығыстар аяқталғаннан кейін Украинаға инвестиция тартудың перспективасы және елді қалпына келтіру мәселелері болды. Америкалық кәсіпкерлер мен қаржыгерлер тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз еткеннен кейін бірден Украинаға ауқымды инвестиция салуға дайын екендерін растады.
Сонымен қатар, президент Зеленский әлемдегі активтерді басқару жөніндегі ірі компанияның басшысымен кездесті. Бұл оның АҚШ-қа сапары барысында Украинаны қолдауға және оны ұзақ мерзімді тұрақтылықпен қамтамасыз етуге арналған көптеген маңызды оқиғалардың бірі ғана.