Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде ЖТС төлеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Салық кодексі) заңға және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заңға қол қойды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін заң парламентте қабылданды.
Зейнетақы төлемдерін алу кезінде ЖТС төлеуді кейінге қалдыру
Түзетулер шеңберінде жеке табыс салығы (ЖТС) зейнетақы жинақтарын алу кезінде емес, зейнеткерлікке шыққаннан кейін ғана төленетіні хабарланды. Оның үстіне, бұл бір реттік төлем болмайды. Заң жобасына оны 16 жыл ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді.
Бизнеске арналған арнаулы салық режимі
Заң жобасында пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек салық төлеу құқығын беру үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимін енгізу көзделген.
2020 жылдың соңына дейін экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының арасындағы айырма ретінде белгілеу құқығын беру.
Пандемиядан едәуір зардап шеккен секторды қолдау үшін шағын және орта бизнес ҚҚС мен әлеуметтік салықтан екі жылға босатылады деп хабарланды. Елбасының тапсырмасы бойынша табыстың 3% көлемінде бөлшек сауда салығы енгізіледі, деп атап өтті сенат спикері Мәулен Әшімбаев.