Ұлттық банк басшысы зейнетақы активтерін басқарудан түскен шығын 154 млрд теңгені құрағанын мәлімдеді.
Салымшыларға теріс инвестициялық кірістің жиналуының негізгі себебі көптеген қаржы құралдары бойынша құнның төмендеуі болды, деп атап өтті Ғалымжан Пірматов.
2022 жылдың басынан бері инвестициялық кіріс көлемі теріс мәнмен 154,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында. Осылайша, бүгінгі таңда БЖЗҚ шығынға ұшырайды.
«Салымшыларға теріс инвестициялық кірістің жиналуының негізгі себебі қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты қаржы құралдарының көпшілігінің нарықтық құнның төмендеуі, сондай-ақ бес айдағы теңге бағамының нығаюы болды», — деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы.
Ол соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,1% құрағанын атап өтті.
«Бұл орайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің орнықтылығы тұрғысынан кірістілік пен инфляция көрсеткіштерін ұзақ уақыт аралығын алып қарастырған жөн. Мысалы, 5 жылда жинақталған инфляция 46,2% кезінде зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 53,0% болды», — деді Ғалымжан Пірматов.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың бес айында 1,35% -ды құрады. Бұл ретте инфляция деңгейі осыған ұқсас кезеңде 8,8% құрады. Осылайша, БЖЗҚ активтерінің нақты кірістілігі жыл басынан бері — теріс мәнмен 10,15%.