Өзбекстанда терроризмге қатысы бар деген күдікпен 30 адам ұсталды

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері терроризмге қатысы бар деген күдікпен 30 адамды ұстады. Олар Ташкенттен Сирияға ұшпақ болған.

Оларға сондай-ақ «Катиба Таухид валь-Джихад» (ҚР-да тыйым салынған) террористік ұйымға қатысы бар деген айып тағылды.

Бұл туралы бейсенбі күні Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлады.

«Өзбекстан құқық қорғау органдарының бірлескен операциясы барысында Ташкентте «Катиба Таухид валь-Джихад» террористік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 30 адам ұсталды», — делінген хабарламада. Ұсталғандар Әндіжан, Сурхандарья және Қашқадария облыстарынан елордаға жұмыс іздеп келген.

Тергеуге дейінгі іс-шаралар барысында олардың Сирияға барып, содырлар қатарына қосылуды жоспарлағаны анықталды.

«Катиба Таухид валь-Джихад» ұйымы 2016 жылы 26 қыркүйекте Өзбекстан Жоғарғы сотының шешімімен террористік ұйым деп танылды, ел аумағында оның қызметіне тыйым салынды.

Добавить комментарий