Өзбекстанда президент қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті

Ташкентте 2021 жылғы қазанда өткен сайлауда жеңіске жеткен Шавкат Мирзиёевтің екінші мерзімге президент қызметіне кірісу рәсімі өтті

Мирзиёев ант бергеннен кейін, оған президенттік биліктің белгілері — төсбелгі мен байрақ табыс етілді.

«Шавкат Мирзиёев 24 қазанда өткен кезекті президенттік сайлауда сайлаушылардың 80,12% дауысын жинады және заңнамаға сәйкес бүгін (6 қараша — ред.) Өзбекстан президеньң қызметіне кіріседі», — деп мәлімдеді ОСК төрағасының баспасөз қызметінің өкілі Зайниддин Низамходжаев, ол Мирзиёевқа президент куәлігін табыс етті. Содан кейін Мирзиёев конституция мен Құранды ұстап тұрып, Өзбекстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

«Инаугурация рәсімі Сенаттың жаңа ғимаратындағы үлкен мәжіліс залында өтіп жатыр. Өткен жолы — 2016 жылғы 14 желтоқсанда инаугурация рәсімі Заң шығару палатаның ғимаратында (парламенттің төменгі палатасы) өткен болатын», — деп хабарлады халықаралық БАҚ.

Добавить комментарий