Өзбекстанда пәтерақысы төленген жалдамалы үйден, мерзімінен бұрын шығудан бас тартқан медбикені соққының астына алды. Әйелге ақшасын қайтармай, балаларымен бірге көшеге қуып жібергенімен қоймай, балаларының көзінше ұрып-соққан.
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан жанжал мен әйелді ұрып-соққан видеоны Самарқанд облыстық ІІБ жариялады. Ведомствоның баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді:
«Белгілі болғандай, медбике Б.С. 23 жастағы Х.Д.-дан Пастдарғом ауданы «Алишер Навои» махалласында үй жалдап тұрған. 5 ақпанда үй иесі оны сатпақ болғандықтан, үйді босатуды талап етті. Алайда әйел пәтерақысын наурызға дейін төлегенін еске салып, шығудан бас тартты.
Сол кезде Х.Д.-мен бірге келген адамдар әйелге қатысты күш қолданып, мейірбикені балаларының көз алдында ұрып-соққан. Әйел дене жарақаттарымен аудандық медициналық бірлестікке жатқызылды».