Өзбекстанда әлеуметтік желілердің жұмысы шектелді: Президент жағдайға түсініктеме берді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев елде әлеуметтік желілердің жұмысы шектелгеніне қатысты түсініктеме берді. Атап айтқанда, ол қадағалау органының әрекетін ойластырылмаған деп, «Узкомназорат» басшысының жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

«Президентке Үкіметтің тапсырмасы бойынша «Узкомназораттың» біржақты, және ойластырылмаған іс-қимылдары туралы хабарлдар. Жақын арада барлық әлеуметтік желілерге қолжетімділік қалпына келтіріледі деп ойлаймын», — делінген Өзбекстан басшысы баспасөз хатшысының Telegram-дағы хабарламасында.

Президенттің тапсырмасы бойынша ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция бастығы Голибшер Зияев қате және келісілмеген әрекеті үшін қызметінен босатылды, деп хабарлады Мирзиёевтың баспасөз хатшысы. Осы жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілетін болады.

«Узкомназорат» тізілімінде Telegram, Facebook, Одноклассники, YouTube және басқа да сайттарға кіруді шектеу туралы белгілер жойылған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

3 қарашада Өзбекстанның Ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы мемлекеттік инспекциясы («Узкомназорат») Telegram, Facebook, «Одноклассники», YouTube және басқа да әлеуметтік желілердің жұмысын шектеді. Оларды дербес деректер туралы заңнаманы бұзушылар тізіліміне енгізді.

29 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы дербес деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жазаны қатайтатын заңға қол қойды.

Добавить комментарий