Өзбекстанда әйел үш баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секірді

Өзбекстанда әйел өз пәтерінің терезесінен үш баласын лақтырып, кейін  өзі секірген.

Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Оқиға салдарынан 4 және 5 жастағы екі ұлы және бір жасар қызы қаза тапты.

Оқиға 3 сәуір күні кешкісін орын алды, әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ беттерінде кеңінен таралды. Өзбекстанның Бас прокуратурасы аталған ақпаратты растап, аталған дерек бойынша тергеуді бастады.

Өз кезегінде Павлодарда ер адам пәтерді өртеп, өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ тірі қалды. Ол полиция есебінде суицидке бейім ретінде тұрады.

Добавить комментарий