Өзбекстанда халықтың 55%-ы екпе алды

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ел тұрғындарының 55%-ы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғанын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда вакцинацияның толық курсынан азаматтардың 12 млн-ға жуығы өтті, бұл халықтың жартысынан астамын құрайды.

Оның ішінде: 65 жастан асқан 793 мың 431 адам, 421 мың 17 — медицина қызметкерлері, 420 мың 552 — мектеп мұғалімдері, 164 466 — мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, 782 182 — созылмалы аурулары бар азаматтар. Қалған вакциналар халықтың басқа топтарын вакциналау үшін пайдаланылды.

Бұған дейін Өзбекстанда қолданылған вакциналардың шамамен 50 млн дозасы азаматтарға салынғаны хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елде 1 сәуірден бастап халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау шаралары басталған болатын. Маусым айының соңынан бастап Ташкентте 18 жастан асқандарға коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды, ал 28 қыркүйектен бастап 12 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасымен коронавирусқа қарсы ерікті түрде вакциналау мақұлданды.

Добавить комментарий