Өзбекстан РФ-ға әскери қызметшілерін жібермейді

Өзбекстан Ресейдегі бүлікке байланысты әскери қызметшілерін жіберетіні туралы қауесетті жоққа шығарды.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі елдің қорғаныс саласындағы саясаты басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидатына негізделгенін айтады.

Өзбекстан өз әскери қызметшілерін «Вагнер» ЖӘК бастаған әскери көтеріліске байланысты Ресейге жібергені туралы ақпарат жалған болып табылады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде өзбек әскери қызметшілерінің Ресей Федерациясындағы полигонда жүргені туралы ақпарат жарияланды, бірақ бұл шындыққа жанаспайды», — деп атап өтті Өзбекстан Қорғаныс министрлігі өзінің Telegram-арнасында. — Видеода Шыршык қаласында өткен патриоттық фестивальде түсірілген техника көрсетілген.

Министрлік Өзбекстанның қорғаныс саласындағы саясаты басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидатына негізделгенін атап өтті. Ол елдің БАҚ беттері мен блогерлер таратқан ақпаратты бұрмаламауға шақырды және жалған хабарламаларды таратқаны үшін ықтимал зардаптар туралы ескертті

 

Добавить комментарий