Өзбекстан отандық туризмді белсенді түрде кеңейтуде

Өзбекстан билігі елдегі ішкі туризмді дамыту туралы шешім қабылдады.

2022 жылдың 1 маусымынан бастап Өзбекстандағы жұмыс берушілер өз қызметкерлерін ел ішінде демалуға жіберуге міндетті болады. Тиісті қаулы Өзбекстан президентінің сайтында жарияланды.

Жұмыс берушілердің «Өзбекстанға саяхатта!» бағдарламасы шеңберінде ұжымдық шарттарға қызметкерлер үшін жылына бір рет жергілікті сапарға шығуға мүмкіндіктер жасау жөніндегі ережелерді енгізетін тәртіп белгіленсін. Сапар шығындарының бір бөлігі жұмыс берушілердің бюджеттен тыс қордағы қаражаты және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен өтеледі, — делінген құжатта.

Өзбек билігі туризмді жаңа деңгейге көтергісі келеді. Әртүрлi жастағы және халықтың әлеуметтiк осал топтарына арналған туризмнiң түрлерiне жекелеген министрлiктер мен ведомстволар қадағалайды.

1 қыркүйектен бастап отандық туристерге арналған кешбэк енгізілді. Елде саяхат жасайтын Өзбекстан тұрғындарына теміржол, автобус және әуе билеттері құнының 15%-ы, қонақ үйде тұру шығындарының 20%-ы және театрларға, мұражайларға, цирктер мен көркемөнер галереяларына билеттер құнының 50%-ы қайтарылатын болады.

Добавить комментарий