Өзбекстан экономикалық еркіндік рейтингінде 67 орында тұр

Өзбекстан экономикалық еркіндік көрсеткіштері бойынша Орталық Азия елдерін басып озды.

Ол 75,6 балл жинап, әлем елдері бойынша 67 орынды тұр.

«Өзбекстан дұрыс жүргізілген сауда саясаты, тарифтік және тарифтік емес кедергілерді оңтайландыру саласындағы реформалар (тарифтік ставкаларды төмендету, кедендік және реттеушілік шектеулерді жеңілдету) нәтижесінде «Еркін сауда» бақылау көрсеткіші бойынша 20,2 балға жақсарды», — делінген Өзбекстан Стратегиялық даму агенттігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзбекстан АҚШ, Жапония, Қытай және Ресей сияқты елдерді басып озып, Орталық Азияда елдері арасында көш бастап тұр.

Аталған рейтингте 2021 жылы Өзбекстан 55,4 балл жинап, 163-орында болған.

Алдын ала нәтижелерге сәйкес, «Еркін сауда» жаһандық көрсеткіші бойынша орташа балл 70,9-дан 69,5 балға төмендеді, бұл ретте елдердің 21%-ы ғана сыртқы саудадағы тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жақсарта алған.

Экономикалық еркіндік индексі (Index of Economic Freedom) — әлем елдеріндегі экономикалық еркіндік дәрежесін бағалайтын рейтинг. Америкалық «Мұра қоры» (The Heritage Foundation) зерттеу орталығы The Wall Street Journal іскерлік басылымымен бірлесіп жариялайды. Қордың сарапшылары экономикалық еркіндікті «азаматтарға қажетті еркіндікті қорғау мен қолдауды қоспағанда, тауарлар мен қызметтерді өндіруге, бөлуге және тұтынуға үкіметтік араласудың немесе кедергі кедергісінің болмауы» талаптары арқылы айқындайды. Басылым 1995 жылдан бастап жарияланып келеді.

Добавить комментарий