Сергиев-Посад округіндегі Загор оптика-механикалық зауытының аумағында жарылыс болып, 38 адам зардап шекті, оның бесеуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Өңір басшылығы зауыттағы. сондай-ақ жақын жердегі балабақшадан жаппай эвакуация жүргізді.
Жарылыс сәрсенбі күні жалға алынған пиротехникалық бұйымдар қоймасында болды. Құтқарушылар мен шұғыл қызметтері оқиға орнына тез жетіп, үйінділерді тазалап, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев азаматтардың қауіпсіздігі мен жарылыстың салдарын жою — қазіргі басым міндеттер екенін атап өтті. Ол жарылыс зауыт аумағында жеке меншік компания жалға алған пиротехника қоймасында болғанын нақтылады. Осипенко мен Карл Либкнехт көшесі жарылыс аймағында болды, тұрғын үйлердің әйнектері сынды.