Ұзақ жылдар бойы өгей әкесі зорлаған қызға тиісті көмек көрсетілмеуде

Ұзақ жылдар бойы өгей әкесі өзін зорлайтынын айтып көмек сұраған қызға ешкім — туыстары да, ұстаздары да көмектеспеген.

Бойжеткен қиындықтарды өз бетімен еңсеруге тура келген. Педагогтар мен туыстары қызға көмек көрсетудің орнына, оны тәрбиелеп, содан кейін емдеуге жіберген.

Дәрігерлер науқастың нақты шағымдарына құлақ аспай, оны психоневрологиялық диспансерге жатқызған.

Ересектердің немқұрайлылығы бойжеткеннің өмірінің тас-талқанын шығарды.

Ақыры соңында қыз зорлық жасаған кездегі аудижазба жазып алып, оны Орал қалалық полициясына берді.

Өткен жұма күні кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен 52 жастағы қыздың өгей әкесі ұсталды, — деп хабарлады полиция департаменті. Сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Қазір жәбірленуші 17 жаста. Күдікті оған 13 жастан бастап жыныстық зорлық-зомбылық жасай бастады.

Бойжеткен төрт жылдан бері ересектерден көмек сұрап келген

«Анам көп жұмыс істеді, қас қарайғанша жұмыста болатын», — деді жәбірленуші «Орал апталығының» журналистіне. Оның айтуынша, ол өгей әкесінің зорлық-зомбылығына қарсы тұруға тырысқан, денесінде әрдайым көгеру іздері қалған.

Ол 17 жаста, алайда ол 13 жастағы қызға ұқсайды, — кішкентай, түрі солғын әрі аурушаң.

Оның айтуынша, ер адамның зорлық әрекеттерін телефонға жазып алған соң ғана ол қамауға алынған. Бұған дейін жәбірленуші төрт жыл бойы зардап шегуші анасынан, педагогтардан және психологтардан мектепте, содан кейін ол түскен колледжде көмек алуға тырысты. Алайда, оның айтуынша, ешкім оған сенбеген, «бос сандырақты» қоюды талап еткен, тіпті өзіне қол салмақ болғанда психиатриялық ауруханаға орналастырған.

Қыздың жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болғаны туралы арызы учаскелік полиция қызметкерінің, педагогтар мен ата-анасының наразылығын тудырды.

Соңғы рет қыз өгей әкесінің зорлағанын айтқанда, колледжге анасы мен өгей әкесі шақырылды. Колледж басшылығы, учаскелік полиция қызметкері және анасы зорлық-зомбылық туралы арызына ашуланп, оны психиатриялық ауруханаға орналастыру қажеттігі туралы айта бастады.

 

«Содан кейін мен өгей әкемнің мені зорлағанын дәлелдейтін аудиожазбаны қостым. Барлығыныі ауызына құм құйылғандай, үндемей қалды. Сөйтіп олар өгей әкемнен, бұл сенің даусың ба деп сұрай бастады. Ол бұл даустың өзінікі екенін мойындады. Ол мас болғанын айтты. Содан кейін оны полицияға алып кетті, үйге қайтып оралмады», — деді зардап шегуші.

Оның айтуынша, қазір анасы мен әжесі өгей әкесінің зорлады деп жазған арызын қайтарып алуын талап етіп, оған қысым көрсетіп жатыр.

Ұстаздар мен учаскелік инспектор жантүршігерлік қылмысты жасырғаны үшін жауапкершілікке тартыла ма?

2020 жылы «Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шығарылды. Жаңа заңға сәйкес, зорлық-зомбылық ауыр қылмыс болып саналады, ал 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты зорлық-зомбылық кемінде 20 жыл жазасын өтеуді қамтиды. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық фактісі туралы хабарламаған немесе оны жасырған адамдар үшін жауапкершілік заңдастырылған. Бұл үшін ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция психологтардың қатысуымен әлеуметтік-психологиялық оңалту арқылы оған қолдау көрсете ме деген сұраққа, қыз оған мұндай көмекті ешкім ұсынбағанын айтты.

Добавить комментарий